Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Каспий теңізінде жер сілкінісі тіркелді

Каспий теңізінде жер сілкінісі тіркелді
Каспий теңізі. Фото: Photo by Meiramgul Kussainova/Anadolu via Getty Images

Каспий теңізінің аумағында магнитудасы 3,2 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Әзербайжан Республикасының Сейсмологиялық қызмет орталығы мәліметінше, жерасты дүмпулері 26 шілде күні жергілікті уақытпен сағат 03:04-те тіркелген.

Сейсмикалық оқиғаның ошағы шамамен 20 шақырым тереңдікте орналасқан.

Жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендер немесе қандай да бір қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.