Қазақстандық әнші Серік Ибрагимовтың отбасында қуанышты жаңалық болды. Өнер иесі мен жары Айнамкөз Әбдімаеваның шаңырағында төртінші сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Қуанышты хабарды әнші өзінің Instagram Stories парақшасында бөлісті. Ол жаңа туған нәрестені қолына ұстап тұрған жарының видеосын жариялап, көпшілікпен қуанышын бөлісті.
Белгілі болғандай, ерлі-зайыптылардың дүниеге келген төртінші сәбиі - ұл бала.
Желі қолданушылары әнші отбасын құттықтап, ізгі тілектерін жаудырып жатыр. Көпшілік сәбидің бауы берік, ғұмыры ұзақ болуына тілектестік білдірді.
Айта кетейік, Серік Ибрагимов пен Айнамкөз Әбдімаева көпбалалы отбасы саналады. Енді олардың шаңырағында төрт бала тәрбиеленіп жатыр.