Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Жазира Байырбекова даңғаза тойларға қарсы шықты (ВИДЕО)

Жазира Байырбекова  даңғаза тойларға қарсы шықты (ВИДЕО)
Сурет ашық дереккөзден алынған

Әнші Жазира Байырбекова перзентхана аумағында ұйымдастырылатын даңғазалы қарсы алу рәсімдеріне қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Өнер иесінің айтуынша, жаңа туған сәбиді күтіп алу - әр отбасы үшін үлкен қуаныш. Алайда перзентханада әртүрлі тағдырды бастан өткеріп жатқан аналар да бар екенін ұмытпау қажет.

«Перзентханадағы әр ананың арманы - дені сау баланы өмірге әкелу. Сол сәбиді қарсы алу үшін туыстары аниматорлар жалдап, перзентхананың алдында той жасап жатады. Бірақ перзентхананың ішінде әртүрлі жағдайдағы аналар бар екенін ескеру керек. Ол жерде сәбиінен айырылып жатқан аналар да болады», - деді әнші.

Осыған байланысты Жазира Байырбекова перзентхана басшылығына үндеу жасап, мұндай мерекелік шараларды аурухана аумағында өткізуге рұқсат бермеуді ұсынды.

«Перзентхана аумағында той тойлауға рұқсат бермесе екен. Қаласа, Сәкен Майғазиев пен Динара секілді сәби қырқынан шыққаннан кейін де әдемі той жасауға болады», - деді ол.

Әнші өз сөзінде Сәкен Майғазиевтің отбасында сәбидің қырқынан шығуына орай ұйымдастырылған мерекені мысалға келтіріп, қуанышты кейінірек те лайықты атап өтуге болатынын айтты.