Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Спорт

Дастан Сәтпаев «Челсидің» трансферлік карикатурасына енді

Дастан Сәтпаев «Челсидің» трансферлік карикатурасына енді
Коллаж ЖИ арқылы жасалған

17 жастағы қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев халықаралық футбол қауымдастығының назарын тағы да өзіне аударды. Бұл жолы ол әйгілі футбол карикатурисі Хамид Сахаридің «Челсидің» трансферлік саясатына арналған сатиралық анимациясының басты кейіпкерлерінің біріне айналды, деп хабарлайды Arasha.kz, ztb_sports-қа сілтеме қалдырып.

Бейнероликтің басында автор «Челсиге» Джордан Хендерсон мен Дэнни Уэлбектің ауысуы мүмкін деген қауесеттерді әзілмен бейнелейді. Бұл жағдайды Энцо Мареска, Андони Ираола, Микель Артета және Майкл Кэррик сырттай бақылап, мұндай трансферлер қарсыластарына айтарлықтай қауіп төндірмейді деген ишара жасайды.

Алайда кейін оқиға желісі өзгеріп, назар Дастан Сәтпаевқа ауады. Карикатура авторы жас қазақстандықты тәжірибелі футболшыларға қарсы қойып, оның болашағынан зор үміт күтетінін астарлы түрде көрсеткен.

Айта кетейік, Дастан Сәтпаев бұған дейін де шетелдік БАҚ пен футбол сарапшыларының назарын бірнеше рет аударған болатын. Бұл жолы оның есімі әлемдік футболдағы ең танымал карикатуристердің бірінің туындысында көрініс тапты.