Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

“Қазақтың батырлары ислам діні үшін соғысты”: Тойда сөз сөйлеген асаба сынға қалды

“Қазақтың батырлары ислам діні үшін соғысты”: Тойда сөз сөйлеген асаба сынға қалды
Фото: Видеодан кадр

Қазақ халқының жерін, елдің азаттығы мен тәуелсіздігін қорғап, қарапайым халыққа салынған ауыр алым-салыққа қарсы күрескен тарихи батырлар туралы асабаның той үстінде айтқан пікірі қоғамда қызу талқыланды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ол өз сөзінде қазақ батырларының күресін тек Ислам діні үшін болған соғыс ретінде сипаттаған. Алайда бұл мәлімдеме әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын тудырып, көпшілік оны тарихи шындықты бұрмалады деп сынға алды.

Желі қолданушыларының пікірінше, қазақ батырларының ерлігі тек діни себептермен шектелмейді. Олар туған жерді қорғау, елдің еркіндігі мен тәуелсіздігін сақтау, сондай-ақ халыққа көрсетілген қысым мен шектен тыс салыққа қарсы тұру жолында күрескен.

Осыған байланысты әлеуметтік желілерде асабаны Қазақстан тарихын бұрмалады, жалған ақпарат таратты деген негізде заң аясында жауапкершілікке тартуды талап еткен пікірлер көбейді.