Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Очоу мен Дариға Бадықова қызу талқыға түсті

Очоу мен Дариға Бадықова қызу талқыға түсті
Сурет ашық дереккөзден алынған

Әлеуметтік желіде актриса Дариға Бадықова мен әнші Очудың караокеде бірге ән айтып тұрған видеосы кеңінен тарап, қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Видеода өнер иелері бірге ән орындап, көңілді уақыт өткізіп жатқанын көруге болады. Алайда желі қолданушылары олардың қарым-қатынасына қатысты түрлі болжам жасап, пікірлерін жарыса жазуда.

Пікір қалдырушылардың бірі: «Дариғаның қай жеріне қызықты?» деп жазса, енді бірі: «Жарасымды жұп екен», «Бәрін уақыт көрсетеді» деген пікірлерін қалдырған.

Сондай-ақ желі қолданушыларының бір бөлігі Очоуға бұл жағдайдың бәрібір сияқты көрінетінін, ал Дариға Бадықоваға көбірек ықылас байқалып тұрғандай әсер қалдырғанын айтып, өз ойларын бөлісуде. Алайда бұл - әлеуметтік желі қолданушыларының жеке пікірі ғана. Өнер иелерінің өздері бұл тақырыпқа қатысты әзірге ешқандай пікір білдірген жоқ.