Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Айгүл Иманбаева тағдырын өзгерткен әнді атады

Айгүл Иманбаева тағдырын өзгерткен әнді атады
Сурет ашық дереккөзден алынған

Әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева тұрмыс құрмаған қыздарға үндеу жасап, отбасын құруға асықпауға кеңес берді. Оның айтуынша, әйел өзін бағалап, қарым-қатынасқа іштей дайын болған кезде ғана лайықты адам жолығады, деп хабарлайды Arasha.kzqazpress.kz-ке сілтеме жасап.

Өнер иесі бұл ойын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, өз өмірінен мысал келтірген.

«Отбасын құруды армандайтын тұрмыс құрмаған қыздар, өтінемін, асықпаңыздар. Сіздер дайын болған кезде лайықты ер азаматтың өзі сізді табады», - деді Айгүл Иманбаева.

Әншінің айтуынша, 2017 жылы университетте сабақ беріп жүрген кезінде композитор Кенес Дүйсекеев оған ақын Абдрахман Асылбектің сөзіне жазылған «Асыл жарым» әнін орындауды ұсынған.

Алайда сол кезде Айгүл Иманбаева әннің мазмұны өз өміріне сәйкес келмейтінін айтып, оны орындауға келіспеген.

«Мен: “Күйеуім жоқ, бұл әнді қалай айтамын?” - дедім. Сонда ол: “Қазір жоқ, кейін тұрмысқа шығасың”, - деді», -  деп еске алды әнші.

Кейін бірнеше жылдан соң композитор әнді қайта орындауды ұсынып, шығарманы репертуарына енгізуді сұраған.

2023 жылы оқуға аттанар алдында өткен жеке концертінде Айгүл Иманбаева «Асыл жарым» әнін алғаш рет орындаған. Әншінің сөзінше, дәл осыдан кейін шетелде болашақ жарымен танысқан.

«Сол кеште тәуекел етіп бұл әнді орындадым. Кейін оқуға кеттім. Сол жақта болашақ жұбайыммен таныстым», - деді ол.