Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Армения премьер-министрі Никол Пашинян отставкаға өтініш берді

Армения премьер-министрі Никол Пашинян отставкаға өтініш берді
Фото: әлеуметтік желі

Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян отставкаға кету туралы өтініш жазғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оның айтуынша, бұл рәсім ел Конституциясының 158-бабына сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Пашинян үкіметтің отставкасы туралы құжатқа қол қойып, оны президент Ваагн Хачатуряндың қарауына жіберген. Енді мемлекет басшысы министрлер кабинетінің отставкасын ресми түрде қабылдауы тиіс.

Жаңа үкімет құрылғанға дейін қазіргі министрлер кабинеті өз қызметін жалғастыра береді.

Сондай-ақ Пашинян парламенттегі көпшілік күштердің бүгін президентке премьер-министр лауазымына жаңа кандидат ұсынатынын айтты. Армения Конституциясына сәйкес, мемлекет басшысы парламент көпшілігі ұсынған үміткерді кідіріссіз премьер-министр қызметіне тағайындауы қажет.