Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Ерке Есмахан Райым туралы сыр шертті (ВИДЕО)

Ерке Есмахан Райым туралы сыр шертті (ВИДЕО)
Сурет ашық дереккөзден алынған

Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында жұбайы Райымға арнап әсерлі жазба жариялап, оған деген алғысын білдірді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Өнер иесі Райымның тек шығармашылығында ғана емес, өмірде де өзіне әрдайым тірек болып жүргенін айтты.

«Ел біледі… Менің өнерде де, өмірде де арқасүйерім, қолдаушым, демеушім, мені “әлемнің ең кереметіне теңеушім” - Райым екені. Барлығы үшін рақмет. Сүйем сені!» - деп жазды әнші.

Сондай-ақ Ерке әзілдеп, жұбайын жиі мақтай беруінің себебін де түсіндірді.

«Тек менде күйеу бардай, “күйеуім, күйеуім” деп айта беретінім де осы», - деді ол.

Әнші барлық қыз-келіншекке өзін қанаттандырып, биікке жетелейтін жар тіледі.

«Еркек болу жасқа қарамайды! Ер адамның ата-анасының жағдайын жасап, сыйлап, жақындарына көмек беріп, әйелі мен балаларына қамқор болып, қоғамда өз орнын табуы тек санасына байланысты деп білемін. Ер азаматтар аман болсын!» - деп қорытындылады Ерке Есмахан.