Танымал блогер әрі тележурналист Динара Сәтжан ұлының алдағы үйлену тойына дайындық басталғанын айтып, әлеуметтік желіде қызу талқыланған дәстүрге қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Жуырда жалғыз ұлын сүйіктісімен құда түсірген тележүргізушінің айтуынша, отбасы күзде өтетін үлкен тойға дайындалып жатыр.
«Бұйырса, күзде үлкен той жасаймыз. Алғашында жас жұбайларға арналған торттың бірінші бөлігін мен жеймін деп ойлағанмын. Бірақ әлеуметтік желідегі пікірлерді оқып, бұл “ред флаг” саналатынын көрдім. Сондықтан торттың алғашқы бөлігін жастардың өздері жесін. Мен үшін ең маңыздысы - екеуінің бақытты болуы», - деді Динара Сәтжан.
Айта кетейік, соңғы уақытта әлеуметтік желілерде тойдағы торттың алғашқы бөлігін ата-ананың жеуі немесе жас жұбайлардың өздерінің жеуі туралы пікірталас жиілеп кеткен. Бірі мұны дәстүр деп санаса, енді бірі жас отбасының алғашқы сәті өздеріне тиесілі болуы керек деген пікірде.