Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Бангкоктен екі чемодан әкелмек болған қазақ қызы 16 жылға сотталды

Бангкоктен екі чемодан әкелмек болған қазақ қызы 16 жылға сотталды
Чемодан. Көрнекі фото: shutterstock.com

Алматыда Таиландтан аса ірі көлемде есірткі тасымалдамақ болған 22 жастағы Қазақстан азаматына сот үкімі шықты. Бойжеткен 16 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Бас көлік прокуратурасы.

Істі Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қараған. Сот оны есірткі заттарын контрабандалық жолмен өткізу және олардың заңсыз айналымына қатысу баптары бойынша кінәлі деп таныды.

Тергеу мәліметінше, бойжеткен ақшалай сыйақы алу үшін Бангкоктен Қазақстанға екі чемодан жеткізуге келіскен. Алматы әуежайында жүк тексерілген кезде чемодандардың ішінен жалпы салмағы 8,8 келі болатын каннабис сығындысы табылды.

Осылайша есірткіні ел аумағына заңсыз алып кіру әрекетінің жолы кесілді.

Прокуратура азаматтарды әлеуметтік желілерде тарайтын «жеңіл табыс», тегін саяхат немесе шетелден жүк жеткізу туралы күмәнді ұсыныстардан сақ болуға шақырды.

Құзырлы органның ескертуінше, мұндай ұсыныстар халықаралық есірткі тасымалдау схемасының бір бөлігі болуы мүмкін. Адам жүктің ішінде не бар екенін білмегенін айтқан күннің өзінде, заңсыз әрекетке қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы ықтимал.

Сот үкімі заңды күшіне енді.