Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Семей тұрғынына үкім шығарды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Ол әйелін бейсбол таяғымен ұрып өлтірген.
Сот дерегіне қарағанда, 2026 жылғы 17 сәуірде Еркін есімді ер адам мас күйінде қызғаныштан жұбайы Айжанды ағаш бейсбол таяғымен бірнеше рет ұрған. Әйел оқиға орнында қайтыс болған.
Сот оны Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша кінәлі деп танып, орташа қауіпсіздік мекемесінде 12 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сондай-ақ сотталған азамат марқұмның отбасына моральдық өтемақы ретінде 10 млн теңге төлеуге міндеттелді.