Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

MuzArt әншісі Кенжебек Жанәбілов ауруханаға түсті

MuzArt әншісі Кенжебек Жанәбілов ауруханаға түсті

MuzArt тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов жүрек қан тамырларының бітелуіне байланысты шұғыл түрде ауруханаға түсіп, ота жасалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Өнер иесінің айтуынша, ол Шымкент қаласына концертке аттануы тиіс болған. Алайда денсаулығы сыр беріп, дәрігерлер шұғыл медициналық көмек көрсету туралы шешім қабылдаған.

«Бүгін Шымкентке ән кешке баруым керек еді. Жүрек қан тамырларының бітеліп қалуына байланысты шұғыл түрде ота жасалып, жансақтау бөлімінен палатаға ауыстым. Досым басқарған ұжымға мың алғыс! Дұғада болайық!» - деп жазды әнші.

Кенжебек Жанәбілов қазіргі таңда жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылғанын айтып, өзіне қолдау білдіріп, дұға жасаған барша жанға алғысын жеткізді.

Желі қолданушылары мен өнердегі әріптестері әншіге жылы лебіздерін білдіріп, тезірек сауығып кетуіне тілектестік танытып жатыр.