Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Саясат

Іздеп, өтінім жазып, әуре-сарсаңға түспестен – Олжас Бектенов бірден көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесін кеңейтуді тапсырды

Іздеп, өтінім жазып, әуре-сарсаңға түспестен – Олжас Бектенов бірден көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесін кеңейтуді тапсырды
Олжас Бектенов. Фото: primeminister.kz

Биыл Жасанды интеллект министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп, азаматтарға жедел көрсетілетін қызметтердің тізбесін қалыптастырады. Бұл ретте азамат өзіне қажетті нәтижені күрделі іздеу жүргізбей, өтінім толтырмай және өтініш беруші тарапынан қосымша әрекеттерді талап етпей алуы тиіс, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Бүгінде азаматтар үшін цифрлық қызметтер санын көбейтіп қана қою жеткіліксіз. Олар қажетті нәтижені жылдам әрі еш кедергісіз алғысы келеді. Жасанды интеллект министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, биыл бірден көрсетілетін форматқа көшіруге болатын қызметтердің тізбесін айқындауды тапсырамын. Бұл ретте көпбалалы аналарға жәрдемақы тағайындау немесе соттылығының бар-жоғы туралы анықтама беру сияқты қызметтерді үлгі етіп алуға болады»,
 — деп атап өтті Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында.