Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Саясат

Ғылыми қауымдастық өкілдері Құрылтай сайлауына белсенді қатысудың маңызын атап өтті

Ғылыми қауымдастық өкілдері Құрылтай сайлауына белсенді қатысудың маңызын атап өтті

Ғылыми қауымдастық өкілдері азаматтарды 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға шақырды. Мамандардың пікірінше, әр азаматтың өз таңдауын жасауы — елдің дамуы мен болашағына үлес қосудың маңызды жолдарының бірі, деп хабарлайды Arasha.kz.

Спикерлер Құрылтайдың тарихи маңызына тоқталып, оның қазақ халқының тарихында маңызды шешімдер қабылданатын кеңес ретінде қалыптасқанын атап өтті. Бүгінде Құрылтай халық пен билік арасындағы өзара байланысты нығайтатын маңызды институт ретінде қарастырылады.

Ғылыми қауымдастық өкілдерінің айтуынша, елімізде реформалар мен жаңғыру үдерістері жүріп жатқан кезеңде азаматтардың саяси белсенділік танытып, өз дауығын беруі маңызды. Олардың пікірінше, жаңа институт заңнамалық үдерісті жетілдіріп, шешімдердің тиімді әрі жедел қабылдануына ықпал етуі мүмкін.

«Егер бәріміз өркендеген, заманауи Қазақстанды құруды қаласақ, алдағы сайлауға үлкен жауапкершілікпен қарауымыз қажет. Себебі Отанымыздың болашағы — өз қолымызда», — деді спикер.

Сондай-ақ ғалымдар мен сарапшылар азаматтарды елдің дамуына үлес қосып, 23 тамызда өтетін сайлауға қатысуға шақырды. Олардың айтуынша, қоғамның белсенділігі мен азаматтардың ортақ шешім қабылдауға қатысуы ел болашағын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

Бөлісу