Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Астана маңындағы жағажайда әпкелі-сіңлілі екі қыз көз жұмды

Астана маңындағы жағажайда әпкелі-сіңлілі екі қыз көз жұмды
Көл. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақмола облысында су жағасында демалып жүрген бір отбасының екі қызы қайғылы жағдайда қаза тапты. Оқиға Целиноград ауданы Қоянды ауылы маңындағы "Парасат" саяжай алабының орталық жағажайында болған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, 2015 және 2017 жылы туған әпкелі-сіңлілі қыздарды ата-анасы бір сәтке көзден таса қылып алған.

Балалардың жанында жоқ екенін байқаған отбасы оларды өз бетінше іздей бастаған. Кейін іздеу жұмыстарына құтқарушылар да жұмылдырылған.

Біраз уақыттан соң екі қыз да судан ес-түссіз күйде табылды.

Оқиға орнына келген құтқарушылар мен медицина қызметкерлері балаларға реанимациялық көмек көрсеткенімен, олардың өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.

Қазіргі уақытта құзырлы органдар қайғылы жағдайдың барлық мән-жайын анықтап жатыр. Балалардың суға қалай түскені және оқиға кезінде ересектердің қайда болғаны тексерілуде.