Іңкәр атты қызын ұзатқан Мирас пен Құралай су жаңа құдаларын көрсетті, деп хабарлайды Arasha.kz, Ozgeris.info-ға сілтеме жасап.
Бұл туралы жұлдызды жұп әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
«Шолпан апа, той құтты болсын! Бүгінгі қуаныш сіздікі, бала баққандыкі емес, тапқандыкі. Екі жас бақытты болсын! Бізге ұл мен қыз сыйлайтын үлкен отбасыға айналсын. Баршаңызға осындай той жұғысты болсын», - деп құдағи ақ тілегін айтты.
Алайда тойдан тараған видеодағы су жаңа құдалардың қарым-қатынасы желі қолданушыларының назарын аударды. Әсіресе Құралайдың құдағиының сөзін тыңдап отырған сәттегі реакциясы көпшілік арасында қызу талқыға түсті.
«Құда төбелеске шыққан қораздар сияқты ғой», «Құдалар Қызылорданыкі, оның ішінде Қазалыдан», «Құданың тұрысы қорқынышты», «Құдалары қақиған екен», «Құралай ханымның құдалардың сөзіне реакциясын бақыладым, сөздері ұнамаған сияқты», «Құдаға не болған, төбелеске келгендей, біреу қинап әкелген бе?» - деп жазды желі қолданушылары.
Дегенмен әлеуметтік желідегі мұндай пікірлер қолданушылардың жеке пайымы екенін атап өткен жөн.