Танымал әншілер Мирас пен Құралай күні кеше қыздарын ұзатып, дүркіретіп той жасады, деп хабарлайды Arasha.kz, Ozgeris.info-ға сілтеме жасап.
Өнер иелері қыздарының жасауын алдын ала дайындап қойған. Құдалыққа арнайы түрлі дәм мен сый-сияпаттарын да ала келген.
Алайда әлеуметтік желіде тараған видеодан кейін көпшілік қыздың жасауына назар аударып, оның тым көп екенін айтып, сынға алды.
«Ысырап қой мынау», «Жасауы масқара тым көп екен», «Мынаның бәрін не істейді бықпыратып», «Дарақы мақтаншақтық», «Тым ерсі емес пе?», «Соншама жасаудың не керегі бар», - деп жазды желі қолданушылары.
Желіде бұл мәселеге қатысты пікір екіге бөлінді. Бірі мұны ысырап пен мақтанға балап жатса, енді бірі қыз ұзатқан ата-ананың жасауын өз қалауынша дайындауға құқығы бар екенін жазған.