Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Шоу-бизнес

«Жас келін білмей келгенімен әдемі» Жазира Байырбекова келіні туралы айтты

«Жас келін білмей келгенімен әдемі» Жазира Байырбекова келіні туралы айтты
Коллаж ЖИ арқылы жасалған

Танымал әнші Жазира Байырбекова келініне қатысты ойын айтып, отбасындағы қарым-қатынасы туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Arasha.kz, Qazaq Today-ға сілтеме жасап.

Өнер иесі «Таңшолпан» бағдарламасына берген сұхбатында келініне қарап өзінің жас кезін еске түсіретінін айтты. Әншінің сөзінше, жас келінге үнемі ақыл айтып, әр қадамын үйретуге тырысу дұрыс емес.

«Мен өзімнің келініме қарап аңқау, көп нәрсе білмейтін өзімнің жас кезімді еске түсіремін. Сондай білмей тұрғанымен сүйкімді сияқты. Жас келін өмір көріп, тастаған сияқты келіп, өзіңе ақыл үйретіп тұрса, ол кезде әдемі болмай қалады деп ойлаймын. Жас келін білмей келгенімен әдемі. Біз үйреткенімізбен енеміз», - деді әнші.

Жазира Байырбекова келініне «былай істе, олай істе» деп көп талап қоймайтынын да жеткізді. Оның пікірінше, адам айналасына және отбасы мүшелерінің іс-әрекетіне қарап-ақ көп нәрсені үйренеді.

Сондай-ақ әнші қазіргі заманда жастарға ақыл айтудан гөрі, олардың пікірін тыңдаған дұрыс деп санайтынын жеткізді.

«Келінге де, балаға ақыл айта берсең, қазір ақпараттық заман, миы ашып кетеді ғой. Мен керісінше ақыл сұраймын. “Мынаны кисем қалай, былай барсам қалай?” деймін. Үйге келсек, өнерге пісіріп қояды. Көңілімізге барынша қарауға тырысады», - деді Жазира Байырбекова.