Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Шоу-бизнес

«Жігітіме көз тиді»: Кенжебек Жанәбіловтің әйелі күйеуінің жағдайын айтты

«Жігітіме көз тиді»: Кенжебек Жанәбіловтің әйелі күйеуінің жағдайын айтты
Сурет: скриншот

Танымал әнші Кенжебек Жанәбіловтің әйелі Жәмила Төлегенова әлеуметтік желідегі парақшасында күйеуінің денсаулығына қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Жәмила Төлегенова күйеуінің мұндай жағдайға қалай түскенін түсінбей отырғанын айтып, оған «көз тиюі» мүмкін екенін меңзеді.

«Жылына 2 рет Check-up жасатып, күш-қуат беретін препараттар алғызып қарап жүрген жігітім. Көз тиді ме? Сөз тиді ма, топ ете қалды ғой. Аллах ұзақ өмір берсін. Сүрінген мен бүлінгенді сөз етпе! Сенде тұрсын, менде тұрмын кезекте», - деп жазды ол.

Жарияланған кадрларда Кенжебек Жанәбіловтің денесіне арнайы медициналық белдік тағылғанын байқауға болады. Алайда Жәмила Төлегенова күйеуінің нақты қандай жағдайға тап болғанын және дәрігерлер қандай диагноз қойғанын ашып айтпаған.

Ол жұбайының денсаулығына үнемі көңіл бөліп, тұрақты тексеруден өткізіп жүргенін жеткізді. Жазба желі қолданушыларының да назарын аударды.