Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Шоу-бизнес

«Ақшаны қайтармаймын»: Астанада Ғалым Қалиақбаровтың концерті тоқтатылды

«Ақшаны қайтармаймын»: Астанада Ғалым Қалиақбаровтың концерті тоқтатылды
Сурет: скриншот

Астанада стендап-комик Ғалым Қалиақбаровтың концерті күтпеген жерден тоқтатылды. Іс-шара өтіп жатқан кезде белгісіз ер адам сахнаға шығып, концерттің заңсыз ұйымдастырылғанын мәлімдеген, деп хабарлайды Arasha.kz.

Көрермендер одан концерттің не себепті тоқтатылып жатқанын сұраған. Ер адам комиктің сол сәтте балағат сөздер айтып жатқанын алға тартқанымен, нақты дәлел келтірмеген.

Ғалым Қалиақбаров жағдайды әзілге айналдырып, билет ақшасын қайтармайтынын айтып, көрермендерге «тура 10 тәуліктен кейін кездесеміз» деп қалжыңдаған.

Есіл ауданы әкімдігінің мәліметінше, 19 тамызға жоспарланған концерт тиісті органдармен келісілмеген. Ұйымдастырушылар іс-шара туралы кемінде 10 күн бұрын хабарлама бермеген. Осыған байланысты шенеуніктер концерт өтетін жерге заң талаптарын түсіндіру және қауіпсіздік мәселесін тексеру үшін келген. Алайда оларды ғимарат ішіне кіргізбеген.

Кейін концерт ұйымдастырушылары полиция бөліміне профилактикалық әңгімеге жеткізілген. Оларға бұқаралық іс-шараларды өткізу тәртібі түсіндіріліп, кейін босатылған.