Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Шоу-бизнес

«Ол соңғысы емес»: Әбілмансұр Серіковтің үшінші некесі талқыға түсті

«Ол соңғысы емес»: Әбілмансұр Серіковтің үшінші некесі талқыға түсті
Сурет: скриншот

Танымал актер Әбілмансұр Серіков пен оның үшінші жары Гулия Узакбаеваның әлеуметтік желіде жариялаған видеосы желі қолданушыларының назарын аударды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ерлі-зайыпты желіде танымал трендтердің бірін түсірген. Видеода Гулия Узакбаева жолдасына «Мен әдемімін бе, әлде ақылдымын ба?» деген сұрақ қояды. Әбілмансұр Серіков болса «ақылдысың» деп жауап береді.

Алайда желі қолданушыларының назары актердің жауабынан гөрі ерлі-зайыптылардың видеодағы қарым-қатынасына ауған. Кейбір оқырман Әбілмансұр Серіковтің жарына салқынқанды көрінгенін айтып, өз болжамдарын ортаға салды. Дегенмен қысқа видеодағы әрекетке қарап, олардың шынайы отбасылық қарым-қатынасы туралы нақты қорытынды жасау мүмкін емес.

«Ол соңғысы емес», «Тәжірибесі бар ғой», «Оның мінезі оңай емес», «Қайта-қайта үйленуге ерінбейді екен», «Ред флаг, бірақ дәлелдей алмаймыз» деп жазды желі қолданушылары.

Соңғы пікірге Гулия Узакбаева «Дәлелдеңдерші» деп жауап берген.

Ал «Қайта-қайта үйленуге ерінбейді екен» деген пікірге актердің жары «Қолы қатты бос» деп жауап қалдырған. Гулия Узакбаеваның бұл сөзді әзіл ретінде жазғаны немесе оған басқа мағына бергені белгісіз.

Пікірлер арасында Әбілмансұр Серіковтің қазіргі некесіне қатысты болжам айтқандар да болды. Кейбір қолданушылар «Ол соңғысы емес» деп жазып, Гулия Узакбаеваның актердің соңғы жары болмайтынын болжаған. Алайда мұндай пікірлер - тек әлеуметтік желі қолданушыларының жеке болжамы. Ерлі-зайыптылардың өздері бұған қатысты қандай да бір мәлімдеме жасаған жоқ.