Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Шоу-бизнес

«Қарым-қатынасымыз шынайы»: Еркебұлан Тоқтар сүйіктісін көрсетті

«Қарым-қатынасымыз шынайы»: Еркебұлан Тоқтар сүйіктісін көрсетті
Сурет ашық дереккөзден алынған

Желіде Маркиза лақап атымен танылған блогер Еркебұлан Тоқтармен қарым-қатынасының қалай басталғанын айтып берді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл туралы ол журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында баяндады.

Маркизаның сөзінше, Еркебұлан Тоқтар онымен шамамен алты ай бұрын Instagram арқылы алғаш болып байланысқа шыққан. Блогерге гүл сыйлаған.

Алайда сол кезде Маркиза ауырып жүргендіктен, Еркебұланның хатына бірден жауап бере алмаған. Кейін ол «Кем дегенде гүлдердің ұнаған-ұнамағанын айтсаңшы» деп қайта жазған. Осыдан кейін Маркиза оған алғысын білдірген.

Маркиза Еркебұлан Тоқтардың ел арасында кеңінен танымал екенін бастапқыда білмегенін де айтты.

«Мен оның кім екенін мүлдем білмедім. Парақшама тіркелген кезде 2,5 миллион оқырманы бар екенін көрдім. Еркебұланнан тікелей: «Сен соншалықты танымалсың ба? Өзің кімсің?» - деп сұрадым. Ол бұған қатты таңғалып, ұялып қалды», - деді блогер.

Осылайша олардың таныстығы әлеуметтік желідегі қарапайым хат алмасудан басталған.