Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Шоу-бизнес

Қарақат Әбілдина жетінші бала туралы айтты

Қарақат Әбілдина жетінші бала туралы айтты
Сурет: Sn_kz

Желіде әнші Қарақат Әбілдина мен Динара Сәтжанның балалар дүкенінде жүрген видеосы тарады. Өнер иесі әңгіме барысында тағы да балалы болу туралы ойын айтып қалды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қарақат Әбілдина Қыдырәлі Болмановқа жетінші ұл туып беруге дайын екенін әзілмен жеткізген. Алайда бұл ұсынысқа қызы Айла бірден қарсылық білдірген.

«Өткенде мынадай болды. Қыдекеге сондай риза болып: “Мен сізге сондай ризамын, ризашылығым соншалық, өзіңнен айнымайтын жетінші ұл туып берейін бе?” десем, Айла: “Жоооқ!” деп айқайлады», - деді Қарақат Әбілдина.

Әншінің бұл сөзі желі қолданушыларының назарын аударды.

Айта кетейік, Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдинаның төрт ұлы және екі қызы бар.