Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Шоу-бизнес

«Бұл не қылған жала?»: Айым Сейтметова ажырасуы туралы айтты

«Бұл не қылған жала?»: Айым Сейтметова ажырасуы туралы айтты
Сурет ашық дереккөзден алынған

Актриса әрі блогер Айым Сейтметова бұрынғы күйеуі Талғат Итаевпен ажырасуына қатысты желіде тараған қауесеттерге жауап берді, деп хабарлайды Arasha.kz, Ozgeris.info-ға сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде ерлі-зайыптының ажырасуына Талғаттың бұрынғы жұбайы себеп болды деген әңгіме тараған. Алайда Айым Сейтметова бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтып, бұрынғы күйеуінің бірінші отбасын бұл мәселеге араластырмауды сұрады.

«Адамдар, сабыр сақтаңыздаршы. Бұл не қылған жала? Біз Талғаттың бұрынғы әйелімен өте жақсы қарым-қатынастамыз, оның өз отбасы, күйеуі және балалары бар. Ажырасуымызға еш қатысы жоқ адамдарды бұл іске қыстырмаңыздаршы. Соншалықты сенімді сөйлейді екенсіздер, бұл - сұмдық. Мұндай қауесет таратқанша, өз өмірлеріңізбен айналысыңыздаршы», -  деп жазды Айым.

Актрисаның сөзінше, олардың ажырасуына үшінші адамның немесе бұрынғы қарым-қатынастардың ешқандай қатысы жоқ.

Сондай-ақ ол Талғаттың бұрынғы жұбайымен арадағы сыйластық әлі де сақталғанын және оның қазіргі таңда өз отбасы бар екенін атап өтті.