Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Шоу-бизнес

Өтірік әншілердің дәурені бітті: фонограммаға айыппұл салынады

Өтірік әншілердің дәурені бітті: фонограммаға айыппұл салынады
Сурет: tiek.kz

Қазақстанда концерт кезінде вокалдық фонограмманы пайдалануға қатысты жаңа талаптар енгізілді. Енді көрерменге жанды дауыста өнер көрсеткендей әсер қалдырып, шын мәнінде фонограмма қолданғандар жауапкершілікке тартылуы мүмкін, деп хабарлайды Arasha.kz, Tiek.kz-ке сілтеме қалдырып. 

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 156-бабына енгізілген өзгерістерге сәйкес, концерттерде вокалдық фонограмманы пайдаланғаны үшін:

• алғаш рет анықталса, жеке тұлғаларға —100 АЕК, заңды тұлғаларға — 150 АЕК;
• бір жыл ішінде қайталанса, жеке тұлғаларға — 150 АЕК, заңды тұлғаларға — 200 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған.

Заңдағы талаптар телевизиялық түсірілімдер мен жазбаларға, сондай-ақ концерт өткізуге арнайы бейімделмеген орындардағы іс-шараларға қолданылмайды.

Жаңа талаптардың мақсаты - концерттік бағдарламаларда фонограмманы пайдалануды реттеу және көрерменге ұсынылатын өнердің ашықтығын қамтамасыз ету.

Ал сіз әншілердің концертте фонограммамен өнер көрсетуіне қалай қарайсыз?