Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Ұшақ апатынан борттағы барлық адам ажал құшты

Ұшақ апатынан борттағы барлық адам ажал құшты
Фото: әлеуметтік желі

АҚШ-тың Аляска штатында шағын ұшақ апатқа ұшырап, борттағы сегіз адамның барлығы қаза тапты. Оқиға 20 тамызда Кейп-Ньюэнхэм маңындағы әскери радиолокациялық нысанға жақын жерде болған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Cessna 441 ұшағы Анкориджден ұшып шығып, Кейп-Ньюэнхэмге бағыт алған. Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ қонуға екінші рет әрекет жасаған кезде ауа райы күрт нашарлап, қалың тұман түскен. Ұшақ ұшу-қону жолағына жетпей апатқа ұшыраған. 

Бортта екі ұшқыш пен алты жолаушы болған. Қаза тапқандар арасында АҚШ Армиясының инженерлік корпусының екі қызметкері және төрт мердігер компания өкілі бар.

Апаттың нақты себебін АҚШ-тың Ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесі тексеріп жатыр. Тергеу барысында ауа райы жағдайы мен ұшақтың қонуға әрекеті зерттеледі.