Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Шоу-бизнес

«Әннің быт-шытын шығарыпты»: Меруерт Түсіпбаева Дастанды сынады

«Әннің быт-шытын шығарыпты»: Меруерт Түсіпбаева Дастанды сынады
sn.kz_media

Әнші Меруерт Түсіпбаева өзінің әйгілі «Қимай сені барамын» әнін Дастан Оразбековтің орындауында тыңдап, әріптесінің нұсқасын сынға алды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл туралы өнер иесі Instagram-дағы парақшасында айтты.

«Мына әннің Дастан быт-шытын шығарыпты, бірінші рет естіп тұрмын. Төлеген ағамыздың өзі өз әнін танымай қалған шығар. Мен Дастанды қатты жақсы көремін, бірақ әнші деген өзіне жарасатын, келетін әнге “иә” деу керек немесе “жоқ” деу керек. Кім сұраса да, айтса да бас тарту керек еді. Мынау не өзі? Масқара», - деді Түсіпбаева.

Айта кетейік, «Қимай сені барамын» әнінің сөзін Шөмішбай Сариев, ал әнін Төлеген Мұхамеджанов жазған. Туындының алғашқы орындаушысы - Меруерт Түсіпбаева. Әнші бұл әнді алғаш рет 90-жылдары орындаған.