Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Шоу-бизнес

«Өлетін болдық қой»: Сәкен мен Жанболаттың келіндері қиналып жүргендерін айтты

«Өлетін болдық қой»: Сәкен мен Жанболаттың келіндері қиналып жүргендерін айтты
Коллаж: Arasha.kz

Қазақ эстрадасының белгілі әншілері Сәкен Майғазиев пен Жанболат Ербатыровтың жұбайлары Динара Майғазиева мен Жазира Байырбекова келіндерімен бірге көңілді видео түсіріп, әлеуметтік желіде бөлісті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ене мен келіндер көпшілік арасында кең тараған трендке қосылып, бір үйдегі жалғыз келін болудың артықшылығы мен ерекшелігін әзілмен көрсетті.

«Бір үйдің бір ғана келіні болған норм ба, стрем ба?» - деп жазған олар бейнежазбада өзара әзілдесіп, еркін қарым-қатынасын көрсетті.

Желі қолданушылары ене мен келіндердің арасындағы сыйластыққа ерекше назар аударған. Кейбір оқырмандар келіндердің енесіне ұқсайтынын айтып, олардың құрбы-құрдастардай араласатынын атап өтті.

«Жазира ханымның келіні қызы сияқты», «Осындай подружка келін бұйырсын», «Барлық ене мен келіннің арасы осындай болсын», «Сыйластықтарыңыз мәңгі болсын», «Динара ханымның келіні тура өзі сияқты» деген пікірлер жазылды.