Арменияның бұрынғы президенті Роберт Кочарян мен оның ұлы Седрак Кочарян ұсталды. Бұл туралы елдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.
25 тамызда құқық қорғау органдары Роберт Кочарян мен оның отбасы мүшелеріне тиесілі ондаған мекенжайда тінту және өзге де тергеу шараларын жүргізген.
Экс-президент кеңсесінің басшысы Баграт Микоянның айтуынша, Роберт Кочарян сол күні таңертең Арменияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитетіне жеткізілген.
Бұдан бөлек, құқық қорғау органдары Кочарянның ұлдары Левон және Седрак Кочаряндардың пәтерлеріне де барған.
Тергеу әрекеттерінің нақты қандай іс аясында жүргізіліп жатқаны және ұсталғандарға қандай айып тағылғаны әзірге нақтыланбаған.