Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Леңгірде әйелді ұрып-соққан бір топ адам әлі ұсталмады

Леңгірде әйелді ұрып-соққан бір топ адам әлі ұсталмады
Коллаж: ult.kz

Түркістан облысының Леңгір қаласында болған қарақшылық шабуыл тұрғындардың алаңдаушылығын туғызды. Бір топ адам жеке үйге басып кіріп, жалғыз тұратын әйелге күш қолданған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, шабуыл жасағандар әйелді ұрып-соғып, құлағындағы сырғасын жұлып алған. Сонымен қатар оның ұялы телефоны мен үйдегі қолма-қол ақшасын алып кеткен.

Қаскөйлер үйдің ішін тінтіп, бағалы заттарды іздеген. Алайда өздері күткендей дүние таппаған соң, оқиға орнынан қашып кеткен.

Шабуыл салдарынан әйел ауыр жарақат алып, қазіргі уақытта ауруханада ем қабылдап жатыр. Жәбірленушінің туыстары оның қауіпсіздігіне алаңдап, құқық қорғау органдарынан кінәлілерді тез арада анықтап, ұстауды талап етуде.

Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің нақты саны, олардың кім екені және шабуылдың себептері әзірге белгісіз. Полиция күдіктілерге іздеу салынғанын мәлімдеді.