Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Шоу-бизнес

Дәнекер Оразбайдың әкелік әрекеті сынға қалды

Дәнекер Оразбайдың әкелік әрекеті сынға қалды
Сурет ашық дереккөзден алынған

Танымал актер Дәнекер Оразбай әкелерге арнап әзіл аралас видео жариялап, желі қолданушыларының назарын аударды, деп хабарлайды Arasha.kz, Sn.kz-ке сілтеме жасап.

Өнер иесі түнде шаршап келген соң баласының үстіндегі көрпені тартып алып, өзі жамылып ұйықтап қалғанын айтып, кейін бұл әрекетіне ұялғанын жеткізді.

Актердің әзілі желі қолданушыларын да бейжай қалдырмады. Оқырмандардың бірі оны әзілмен сынаса, енді бірі «Әке де адам», «Ештеңе етпес» деп қолдау білдірген.

«Үйіңде плед жоқ па?», «Қалай ғана дәтің барды?», «Өте ұят тірлік болыпты», «Ештеңе етпес», «Балаңызда детский травма», «Еркектер өзін қатты ойлайды ғой», «Қарабет екенсің», - деп жазды желі қолданушылары.