Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Атырауға шұғыл қонған ұшақтағы жолаушы көз жұмды

Атырауға шұғыл қонған ұшақтағы жолаушы көз жұмды
Көрнекі фото: Gallo images

Түркиядан Ресейге бағыт алған "Аэрофлот" әуе компаниясының ұшағы жолаушылардың бірінің жағдайы күрт нашарлауына байланысты Атырау әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды. Өкінішке қарай, жолаушының өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға 25 тамызда болған. Ұшу кезінде жолаушылардың бірінің денсаулығы сыр беріп, жағдайы нашарлай бастаған. Осыған байланысты экипаж Атырау әуежайына шұғыл қону туралы шешім қабылдаған.

Ұшақ жерге қонғаннан кейін жолаушы көз жұмған.

Көліктегі полиция департаменті аталған деректің Атырау станциясындағы көліктегі полиция бөлімінде тіркелгенін мәлімдеді.

Ведомствоның хабарлауынша, қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған алғашқы тексеру шаралары жүргізіліп жатыр.

"Алдын ала өлім себебі – жедел жүрек жеткіліксіздігі", – деп хабарлады Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат әзірге жария етілмейді.