Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Саясат

Мұхтар Тілеуберді Қазақстанның сыртқы істер министрі болып тағайындалды

Мұхтар Тілеуберді Қазақстанның сыртқы істер министрі болып тағайындалды
Мұхтар Тілеуберді. Фото: gov.kz

Президент Жарлығымен Мұхтар Тілеуберді Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі қызметіне тағайындалды. Осыған байланысты ол бұған дейін атқарған қызметінен босатылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Мұхтар Тілеуберді 1968 жылы Шымкент облысында дүниеге келген. Дипломатиялық қызметін 1993 жылы Азия істері департаментінде үшінші хатшы болып бастаған. Кейін Қазақстанның Кореядағы елшілігінде үшінші және екінші хатшы қызметтерін атқарды.

Ол әр жылдары Президент әкімшілігінде, Қазақстанның Израильдегі елшілігінде жұмыс істеді. Сондай-ақ сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған. 2004-2009 жылдары Қазақстанның Малайзиядағы елшісі болып, Индонезия, Бруней-Даруссалам және Филиппиндегі елші қызметін қоса атқарды.

2009-2016 жылдары Мұхтар Тілеуберді Қазақстанның Швейцариядағы, Лихтенштейндегі және Ватикандағы елшісі болды. 2016-2019 жылдары сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.

2019 жылдың қыркүйегінде ол алғаш рет Қазақстанның сыртқы істер министрі болып тағайындалды. 2021 жылдың қаңтарынан бастап премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі қызметін атқарды.

2023 жылдың тамызында Қазақстанның Австриядағы елшісі болып тағайындалған. Мұхтар Тілеубердінің төтенше және өкілетті елші дипломатиялық дәрежесі бар. Ол ағылшын және корей тілдерін меңгерген.