Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Ресейден Қазақстанға әкелген жолбарыстарды табиғатқа қашан жібереді?

Ресейден Қазақстанға әкелген жолбарыстарды табиғатқа қашан жібереді?
Амур жолбарыстары. Фото: ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі

"Амур жолбарысы" орталығының бас директоры Сергей Арамилев Ресейден Қазақстанға жеткізілген Тұран мен Уссури атты екі амур жолбарысын 2027 жылдың көктемінде жабайы табиғатқа жіберу жоспарланып отырғанын айтты, деп Arasha.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оның сөзінше, жолбарыстарды 2027 жылдың мамыр айында табиғи ортаға шығару көзделіп отыр.

"Екі жолбарысты 2027 жылдың көктемінде, мамыр айында жіберу жоспарланған. Олар басқа тәсілмен, уақытша қоршау арқылы табиғатқа шығарылады. Осылайша Қазақстан аумағында жануарларды табиғи ортаға жіберудің түрлі тәсілдерін сынап көруге мүмкіндік туады. Нақты шешім 2027 жылы қабылданады", – деді Сергей Арамилев.

Сонымен қатар ол жолбарыстарға Ресейде өндірілген арнайы бақылау қарғыбаулары тағылатынын айтты.