Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Шиеліде кездесуге шыққан қызды өлтірген 22 жастағы азамат сотталды

Шиеліде кездесуге шыққан қызды өлтірген 22 жастағы азамат сотталды
Коллаж: ult.kz

Қызылорда облысының Шиелі ауданында 10-сыныпта оқитын қызды өлтіріп, оның мәйітін су арнасына ағызып жіберген 22 жастағы азаматқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Сот отырысы барысында қылмыстық іс бойынша жиналған дәлелдер зерттеліп, сотталушының кінәсі толық дәлелденген.

Іс материалдарына сәйкес, жас қыздың өмірі қасақана қиылған. Кейін оның мәйіті су арнасынан табылған. Қайғылы оқиға ел арасында үлкен резонанс тудырған.

Сот үкімімен 22 жастағы азамат 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот мұндай ауыр қылмыстың адам өміріне орны толмас зиян келтіретінін ескеріп, тиісті жаза тағайындады.