Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

«Оның есімі ешқашан ұмытылмайды»: Тоқаев Назарбаев туралы айтты

«Оның есімі ешқашан ұмытылмайды»: Тоқаев Назарбаев туралы айтты
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның қалыптасуына қосқан үлесіне тоқталды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Мемлекет басшысы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиындықтарды еске алып, ел дамуына еңбек сіңірген азаматтардың еңбегін бағалау қажет екенін айтты.

“Тұңғыш президент Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстанның тәуелсіз ел болып қалыптасуына, қиын экономикалық кезеңде дамуына және көптеген жетістікке жетуіне көп үлес қосты. Оның есімі ешқашан ұмытылмайды”, – деді Тоқаев.

Президент ел тарихына әділ баға беріп, өткенді ұмытпаудың маңызды екенін атап өтті.