Мөлдір Мұқан көптен бері сәби сүйгісі келіп жүрген бір отбасына қолдау көрсететінін мәлімдеді. Ол ЭКО бағдарламасына қажетті барлық шығынды өз мойнына алуға ниетті екенін жеткізді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Оның айтуынша, ата-ана болуды армандаған кейбір жұптар үшін бұл жол ұзақ әрі қиын болуы мүмкін. Осыны ескерген Мөлдір Мұқан бір отбасының ем алуына толықтай демеушілік жасауды жоспарлап отыр.
Әзірге отбасының қалай таңдалатыны, бағдарламаға қатысу шарттары мен емнің қай клиникада жүргізілетіні туралы мәлімет берілмеген.