Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Қазақстанда күн суытып, қар жауады: 23 қазанда кей өңірлерде 5 градусқа дейін аяз болады

Қазақстанда күн суытып, қар жауады: 23 қазанда кей өңірлерде 5 градусқа дейін аяз болады
Қар. Фото: Karl-Josef Hildenbrand/picture alliance via Getty Images

Бүгін, 23 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді. Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнде аяз болып, кей қалаларда қар аралас жаңбыр жауады. Ал Түркістанда топырақ бетінде үсік жүруі мүмкін, деп хабарлайды Arasha.kz.

Синоптиктердің болжамынша, жұма күні елдің көптеген өңірінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Дегенмен солтүстік және шығыс облыстарда суық күшейіп, жолдарда көктайғақ болуы ықтимал.

Әсіресе Қарағанды мен Петропавлда түнгі ауа температурасы −5 градусқа дейін төмендейді. Ал батыстағы Ақтау қаласында күндіз +22 градусқа дейін жылы болады.

Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болады?

Астанада көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын болмайды. Жел секундына 7–12 метр жылдамдықпен соғады. Түнде −2...−4 градус аяз, күндіз 0...+2 градус болады.

Алматыда жауын-шашынсыз, көшпелі бұлтты ауа райы күтіледі. Жел секундына 3–8 метр, екпіні 13 метрге дейін жетеді. Түнде 0...+2 градус, күндіз +8...+10 градус болады.

Шымкентте жауын-шашын болжанбайды. Желдің жылдамдығы секундына 8–13 метр, екпіні 15–20 метрге дейін күшейеді. Түнде +3...+5 градус, күндіз +16...+18 градус жылылық сақталады.

Шығыс Қазақстанда қар жауады

Өскеменде жаңбыр аралас қар күтіледі. Желдің екпіні секундына 15–18 метрге дейін жетеді. Түнде де, күндіз де ауа температурасы 0...+2 градус болады.

Семейде қар жауып, жел күшейеді. Желдің жылдамдығы секундына 7–12 метр, екпіні 15–20 метрге дейін жетеді. Түнде −1...−3 градус, күндіз +1...+3 градус болады.

Павлодарда жаңбыр аралас қар жауады. Жел секундына 9–14 метр жылдамдықпен соғады. Түнде −1...−3 градус, күндіз 0...+2 градус күтіледі.

Талдықорғанда да жаңбыр аралас қар болжанады. Желдің жылдамдығы секундына 5–10 метр болады. Түнде −1...−3 градус, күндіз +5...+7 градус болады.

Солтүстік және орталық өңірлерде аяз күшейеді

Қарағандыда көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын болмайды. Түнде −3...−5 градусқа дейін суытады, күндіз 0...+2 градус болады. Жел секундына 7–12 метр жылдамдықпен соғады.

Көкшетауда жауын-шашын күтілмейді. Желдің екпіні секундына 15–18 метрге дейін жетеді. Түнде −2...−4 градус, күндіз 0...+2 градус болады.

Петропавлда түнгі температура −3...−5 градусқа дейін төмендейді. Күндіз +1...+3 градус болады. Жел секундына 9–14 метр, екпіні 15–20 метрге дейін күшейеді.

Қостанайда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде −1...−3 градус аяз, күндіз +5...+7 градус күтіледі.

Жезқазғанда көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын болмайды. Түнде −2...−4 градус, күндіз +6...+8 градус болады. Жел секундына 9–14 метр жылдамдықпен соғады.

Қазақстанның оңтүстігінде де үсік жүреді

Түркістанда түнде ауа температурасы +2...+4 градус болғанымен, топырақ бетінде үсік жүруі мүмкін. Күндіз +15...+17 градус болады. Желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді.

Таразда көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын күтілмейді. Түнде 0...+2 градус, күндіз +10...+12 градус болады. Жел секундына 9–14 метр жылдамдықпен соғады.

Қызылордада жауын-шашынсыз. Түнде +1...+3 градус, күндіз +13...+15 градус болады. Желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейеді.

Қонаевта көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Түнде 0...+2 градус, күндіз +8...+10 градус болады. Жел секундына 9–14 метр жылдамдықпен соғады.

Батыс Қазақстанда күн салыстырмалы түрде жылы болады

Ақтауда жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде +8...+10 градус, күндіз +20...+22 градус болады. Жел секундына 7–12 метр жылдамдықпен соғады.

Атырауда күн ашық, жауын-шашынсыз. Түнде +6...+8 градус, күндіз +17...+19 градус болады. Жел секундына 6–11 метр жылдамдықпен соғады.

Ақтөбеде ашық ауа райы сақталады. Түнде −1...−3 градус аяз, күндіз +10...+12 градус болады. Жел секундына 3–8 метр жылдамдықпен соғады.

Оралда көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын болмайды. Түнде 0...+2 градус, күндіз +13...+15 градус болады. Желдің жылдамдығы секундына 5–10 метр.