Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Әлем

Ресейдің бірнеше қаласында аю көбейді: Бір өңірде коменданттық сағат енгізілді

Ресейдің бірнеше қаласында аю көбейді: Бір өңірде коменданттық сағат енгізілді
Аю. Көрнекі фото: pixabay.com

Ресейдің Иркутск облысында аюлардың елді мекендерге жиі түсуіне байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Братск қаласында жоғары дайындық режимі енгізілсе, Слюдянкада түнгі уақытта коменданттық сағат жарияланған, деп хабарлайды Arasha.kz.

"Коммерсантъ" мәліметінше, Братск қаласының әкімі Александр Дубровин соңғы тәулікте қала мен оған жақын аумақта екі аю атылғанын хабарлаған.

Оның сөзінше, жыртқыштар орманнан шығып, қала шетіне және саяжай аумақтарына жиі келе бастаған. Қала басшысы қалыптасқан жағдайды күрделі деп бағалады.

Ал Иркутск облысының оңтүстігіндегі Слюдянка қаласында аюлардың көбеюіне байланысты сағат 21:00-ден 07:00-ге дейін коменданттық сағат енгізілген.

Сонымен қатар жергілікті билік ашық аспан астында өтетін мектеп жиындарын, оқушылардың туристік слеттерін және денсаулық күндерін уақытша тоқтатқан.

Өңір билігі аюлардың санын азайту үшін тәжірибелі аңшыларды тартқан.

Иркутск облысының жануарлар дүниесін қорғау және пайдалану қызметінің мәліметінше, 160 аюды ату туралы шешім қабылданған. Қазіргі уақытқа дейін оның 70-і атылған.