Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Экс-депутат Бақытжан Базарбек қағып кеткен адамның жағдайы әлі ауыр

Экс-депутат Бақытжан Базарбек қағып кеткен адамның жағдайы әлі ауыр
Науқас. Көрнекі фото: David Sacks/Getty Images

Мәжілістің бұрынғы депутаты Бақытжан Базарбек басқарған көлік қағып кеткен 37 жастағы ер адамның қазіргі жағдайы туралы жаңа мәлімет жарияланды. Бұл туралы Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп Arasha.kz тілшісі Tengrinews.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ресми мәліметке сәйкес, жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен азамат 15 тамызда ауруханаға жеткізіліп, анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне жатқызылған.

Оқиғадан бері 23 тәулік өтсе де, науқас әлі аталған бөлімшеде ем қабылдап жатыр. Оның жалпы жағдайы ауыр деп бағаланған.

"Пациенттің жалпы жағдайы политравма салдарынан ауыр күйде қалып отыр. Сонымен қатар жүргізіліп жатқан қарқынды терапия аясында оң динамика байқалады. Дәрігерлер емдеуді толық көлемде жалғастырып, пациенттің жағдайын бақылауда ұстап отыр", – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Бұған дейін тамыз айында болған жол апаты кезінде көлік тізгінінде Мәжілістің экс-депутаты Бақытжан Базарбек болғаны хабарланған еді.