АҚШ президенті Дональд Трамп Нью-Мексико штатының атауын New America («Жаңа Америка») деп өзгерту туралы ұсыныс білдірді. Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп Arasha.kz тілшісі Sadaq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Трамптың пікірінше, жаңа атау халыққа ұнап, штаттың мәртебесін айқындай түседі. Алайда бұл бастама Нью-Мексико губернаторы Мишель Лухан-Гришэм тарапынан қолдау таппады.
Губернатор Fox News арнасына берген сұхбатында Нью-Мексико атауының АҚШ құрылғанға дейін қалыптасқанын атап өтті. Сонымен қатар ол Трампты штаттағы жанармай бағасының өсуі сияқты мәселелерден қоғам назарын бұруға тырысып отыр деп сынға алды.
Ал Трамп өз ұсынысын Нью-Мексикодағы сайлау барысына қатысты айтқан пікірлерімен байланыстырды. Оның сөзінше, штатта сайлау кезінде заңбұзушылықтар жиі кездеседі.
Ақ үй бұл бастамаға байланысты Нью-Мексико атауындағы «Mexico» сөзін сызып, оның орнына «America» деп жазылған суретті де жариялады.