Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

"Құттықтап қойсаңыздар болады": Димаш Құдайберген өнердегі інісіне ерекше сый жасады

"Құттықтап қойсаңыздар болады": Димаш Құдайберген өнердегі інісіне ерекше сый жасады
Димаш Құдайберген. Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген өнердегі інісі, актер Кемеңгер Оралға көлік сыйлады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл туралы Кемеңгер Орал әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, қуанышын бөлісті.

Актердің айтуынша, тосынсый оның туған күні мен премьерасы қатар келген ерекше сәтте жасалған. Ол Димаш Құдайбергеннің сыйлығы бұл күнді одан әрі есте қаларлық еткенін жеткізді.

"Кеше мен үшін ерекше күн болды. Туған күнім, премьераның қуанышы... Ал сол күннің ең үлкен тосынсыйы – ағамның маған сыйлаған көлігі", – деп жазды Кемеңгер Орал.

Ол Димашпен бірге жүрген уақыт ішінде көп нәрсе үйренгенін, ағасының үнемі қолдау көрсетіп, сенім білдіріп келе жатқанын атап өтті.

"Бұл сіздің маған деген сеніміңіздің, адам ретінде, аға ретінде әрдайым қолдап жүргеніңіздің белгісі деп білемін", – деді актер.

Кемеңгер Орал мұндай ерекше сәттердің куәсі болып жүруді өзі үшін үлкен мәртебе санайтынын да жеткізді.

"Ағайын, легендадан көлік алдым сыйлыққа. Құттықтап қойсаңыздар болады! Әуелі Алла, сосын сізге рақмет, аға!" – деп жазды ол.

Актер Димаш Құдайбергенге көрсеткен қолдауы мен ерекше сыйлығы үшін алғысын білдірді.