Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Тоқаев Норвегия Королі VIII Хаконды таққа отыруымен құттықтады

Тоқаев Норвегия Королі VIII Хаконды таққа отыруымен құттықтады
Aqorda

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Норвегия Королі VIII Хаконға таққа отыруына орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Президент өз жеделхатында бұл күн Норвегия монархиясының ғасырлар бойғы тарихындағы жаңа кезеңнің бастамасы екенін атап өтті. Оның айтуынша, монархия елдің сабақтастығы, бірлігі мен ұлттық бірегейлігінің маңызды бөлігі саналады.

Қасым-Жомарт Тоқаев VIII Хаконның қызметі Норвегияның одан әрі дамуына және халықтың әл-ауқатын арттыруға үлес қосатынын атап өтті.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қазақстан мен Норвегия арасындағы ынтымақтастықтың ортақ күш-жігердің арқасында алдағы уақытта да нығая беретініне сенім білдірді.