Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Меркіде көз жұмған келіншектің өліміне қатысты сараптама қорытындысы дайын болды

Меркіде көз жұмған келіншектің өліміне қатысты сараптама қорытындысы дайын болды
Коллаж: ult.kz

«Барни ісі» бойынша жүргізілген сараптаманың қорытындысы дайын болған. Осыған байланысты журналист Жан Ахмадиев арнайы Тараз қаласына барғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында іс бойынша жаңа деректер бар екенін айтып, оларды көпшілік назарына ұсынатынын жеткізді.

Іс Жамбыл облысында 19 жастағы Мадина Рашидқызының қазасына қатысты болып отыр. Журналист бұған дейін де марқұмның өліміне байланысты істің мән-жайын көтеріп, оның отбасының мәселесіне назар аударған.

«Барни ісі» бойынша сараптама қорытындысының дайын болуы тергеу барысындағы маңызды кезеңдердің бірі саналады. 

Айта кетейік, Меркіде 19 жастағы келіншек өзіне қол жұмсаған. Бірақ туыстары бұл шешіммен келіспейді.