Контентке өту
Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Студенттері бар көлік апатқа ұшырап, 26 адамның өмірін қиды

Студенттері бар көлік апатқа ұшырап,  26 адамның өмірін қиды
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Үндістанның Ассам штатында шағын автобус пен жүк көлігі соқтығысып, кемінде 26 адам қаза тапты. Марқұмдардың арасында сабақтан үйіне қайтып келе жатқан студенттер де болған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қайғылы оқиға 13 қарашада Казиранга ұлттық паркі маңындағы тасжолда болған. Жолаушылар мінген шағын автобус контейнер таситын жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Апаттан тағы 20 адам жарақат алған.

Соққыдан автобус қатты бүлініп, бірнеше жолаушы көлік ішінде қысылып қалған. Оларды шығаруға полиция қызметкерлерімен бірге жергілікті тұрғындар да көмектескен. Зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілген.

Қаза тапқандардың арасында бір әулеттің үш қызы бар: екі апалы-сіңлілі мен олардың туысы. Олар тұрмысқа шыққан әпкесіне қонаққа бара жатқан. Екеуі оқиға орнында көз жұмса, үшіншісі келесі күні ауруханада қайтыс болған.