Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында бір әулеттің үш мүшесі - 21 жастағы егіздер мен олардың үш жасар жиені жол апатынан көз жұмды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Марқұмдар - Мұхаммед Асмил Сиддик, оның егіз сыңары Мисна Джубин Сиддик және әпкесінің ұлы Мұхаммед Фаиз. Отбасы Үндістанның Керала штатынан көшіп келген, Фуджейрада көп жылдан бері тұрып жатқан.
Егіздердің әкесінің айтуынша, туыстары 11 қараша күні түнде Шарджадан үйіне қайтып келе жатқан. Сағат 23:00 шамасында ұлы жүргізген жеңіл көлік жүк көлігімен соқтығысқан. Апаттың нақты себебі әзірге белгісіз.
Көлікте болған тағы төрт адам - егіздердің анасы, әпкесі және әпкесінің екі баласы жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Әкесінің басылымға берген мәліметінше, олардың өміріне қауіп төнбейді. Өзі, үлкен ұлы мен күйеу баласы бұл сапарға бармаған.
Дубайдағы Үндістан консулдығы қайғыға ортақтасып, марқұмдардың жақындарына көмек көрсету үшін жергілікті билікпен байланыс орнатқанын хабарлады.