Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазан айында Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялайды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Мемлекет басшысы бұл туралы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттауға арналған салтанатты жиында айтты.
"Қазан айында мен Конституцияның 46-бабына сәйкес Қазақстан халқына Жолдауымды жасап, алдағы жоспарымызды айқындаймын", – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, алдағы Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттары мен алдағы кезеңге арналған жоспарлар белгіленеді. Сонымен бірге Мемлекет басшысы елдегі соңғы саяси өзгерістерге де тоқталды. Ол жақында Құрылтай сайлауы өткенін, оның құрамына кәсіби, іскер және жаңашыл азаматтар енгенін атап өтті.
"Олардың ішінде жастар да аз емес. Вице-Президент тағайындалды. Жаңартылған Үкімет жұмысына кірісті. Қауіпсіздік Кеңесінің аппараты жасақталды. Көп ұзамай Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітіледі", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент алдағы Жолдауда осы саяси және институционалдық өзгерістер аясындағы жаңа міндеттер мен басымдықтар да айқындалатынын меңзеді.