Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінің жеңімпазы атанды. Нью-Йоркте өткен финалда ол Беларусь өкілі, былтырғы жарыстың чемпионы Арина Соболенконы жеңді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Тартысты кездесу үш сетке созылып, 6:4, 5:7, 6:2 есебімен Рыбакинаның пайдасына аяқталды.
Осылайша қазақстандық спортшы биылғы маусымдағы екінші, ал кәсіби мансабындағы үшінші «Үлкен дулыға» титулын жеңіп алды.
Елена Рыбакинаның «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі жеңістері:
Уимблдон — 2022
Australian Open — 2026
US Open — 2026.
Сонымен қатар рейтинг жаңарғаннан кейін Рыбакина алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанады.
Бұл — Қазақстан теннисі тарихындағы тарихи жетістіктердің бірі.