Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

7,7 млн теңгеге құмар ойын ойнаған шенеуніктер жұмыстан босатылды

7,7 млн теңгеге құмар ойын ойнаған шенеуніктер жұмыстан босатылды
Фото: freepik

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің сақталуын талдау барысында букмекерлік кеңселер арқылы құмар ойындар мен бәске қатысқан екі шенеунікті анықтады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Олар букмекерлік кеңсенің мобильді қосымшасы арқылы жүйелі түрде бәс тігіп отырған. Ойын шоттарын толықтырудың жалпы сомасы 7,7 млн теңгеден асқан.

Тәртіптік комиссияның шешімімен екі қызметкер қызметінен босатылды. Олардың бірі – 20 жылдан астам аудандық бөлім басшысы болған.